Ганьсу Циньян да Сифэн-Хэшуй тасжолының Малиань өзені үлкен көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 қазан
Ганьсу Циньян да Сифэн-Хэшуй тасжолының Малиань өзені үлкен көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ганьсу өлкесінің Циньян қаласындағы G309 жүлгесі Сифэн-Хэшуй тасжолы Малиань өзені үлкен көпірінің құрылысы бірқалыпты жүріп жатыр. Оның жалпы ұзындығы 2208 метр. Ал негізгі көпір болса 1400 метрлік қос бағытты, төрт жолақты төмен мұнаралы аспалы көпір. Олардың ішінде No16 негізгі көпір тұғырының биіктігі 178 метр, арқалықтың биіктігі 8,3 метр, аспалы мұнараның биіктігі 36,5 метр. Бұл сары топырақты аймақтағы аралығы ең үлкен және көпір тұғыры ең биік аспалы көпір. Көпірдің құрылысы толықтай 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталып, көлік қолданысына беріледі деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото