Қытайда 5 мың жылдық қабір табылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 қазан
Қытайда 5 мың жылдық қабір табылды

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Археологтар Орталық Қытайдың Хэнань өлкесінен шамамен 5 мың жыл тұрған неолит дәуіріне жататын қабірді тапты. Қабір сол дәуірдегі жергілікті билеушіге тиесілі деген болжам бар.

Қабірдегі қаңқаның көп бөлігі жоғалып кеткен, көптеген салтанатты заттар бүлінген.

Ғалымдар Юнчэн қаласында орналасқан қабірден 300-ден астам бұйымдар – керамика, сүйек және нефриттен жасалған бұйымдарды анықтады. Нысанның ауданы 17 шаршы метрден асады. Тарихшылардың сараптауға сәйкес, ерте заманда бұл жерде «астанамен салыстыруға болатын» үлкен елді мекен орналасқан.

Табылған қабір Ванчжуан қирандыларында орналасқан, онда көне қирандылар бар және сол жерден жаңа археологиялық олжалар туралы мәліметтер келіп тұрады. Артефактілер Қытайдың бұл бөлігінде ежелгі заманда Шығыс Азия аймағының әртүрлі мәдениеттерінің өзара баюының қарқынды процесі болғанын растайды.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото