- Барлық ақпарат
Шыңжаңда 6-ншы Дүниежүзілік медиа саммиті өтті
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 қазан
14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қазан күні түстен бұрын Шыңжаңда 6-ншы Дүниежүзілік медиа саммиті өтті. Кездесуге 208 негізгі бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік ведомстволардың және 106 ел мен аймақтың басқа мекемелерінің, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемелері және халықаралық ұйымдарының 500-ден астам өкілі қатысты.
Биылғы медиа саммиттің тақырыбы – «Жасанды интеллект және БАҚ реформасы». Конференция осы тақырыпқа арналады және медиа саласындағы инновациялық, практикалық тәжірибелермен бөліседі.
Сонымен қатар қатысушылар Шыңжаңда үш күндік сапарда болады. Әлемдік БАҚ тілшілері Шыңжаңның көне тарихымен, бірегей мәдениетімен, жергілікті экономикалық және әлеуметтік даму жетістіктерімен танысады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online