Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі мәресіне жетті (2)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 қазан
Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі мәресіне жетті

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында орналасқан Бүркіт төбе алаңында дәстүрлі халықаралық «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі өтті, деп хабарлайды KAZINFORM.

Екі күнге созылған фестивальде әлемнің бірнеше елінен келген құсбегілер сайысқа түсті. Атап айтқанда, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Мажарстаннан қатысушылар шақырылған. ШҚО туризм және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат - қазақ халқының бай мәдени мұрасын жандандырып, ұлттық спорт пен құндылықтарды дәріптеу арқылы саламатты өмір салтын насихаттау.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото