Сунань, Ганьсу: Күзгі Цилиан тауының көркем пейзаждары

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 қазан
Сунань, Ганьсу: Күзгі Цилиан тауының көркем пейзаждары

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы 9 қазан. Цилиан таулы ұлттық саябағының Ганьсу өлкесі, Чжанье қаласы, Сунан Юйгу автономиялық ауданы, Дахэ ауылындағы бөлігінде, көгілдір аспан, ақ бұлт, қарлы тау, орман, жайлау, саз, аңғар, өзендер түрлі түспен өзара жарасым тауып, күздің көркем бейнесіне енді.

Соңғы жылдары Цилиан таулы ұлттық саябағын басқару мен қорғаудың күшеюімен Сунан ауданындағы орман және шөп экологиялық өсімдіктерін қамту деңгейі артып, экологиялық орта жақсарып келеді. Жабайы жануарлардың түрі көбейіп, өрісі үздіксіз кеңейіп, адам мен табиғаттың үйлесімді қатар өмір сүруінің әдемі экологиялық көрінісін көрсетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото