- Барлық ақпарат
Бочжоу, Аньхой: Сабанды қайта өңдеу қалдықтарды қазынаға айналдырады
7 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы 5 қазан. Аньхой өлкесінің Бочжоу қаласы, Цяочэн аумағы, Гучэн қалашығы, Инлоу ауылының сабан жинау және сақтау орталығында жұмысшылар жүгері сабақтарын жинап, сақтап жатыр.
Соңғы жылдары Цяочэн аумағы, Гучэн қалашығы сабанды энергияға, тыңайтқышқа, жемге, негіздік материалға және шикізатқа айналдыру сияқты «бес кәдеге» жаратуға баса назар аударды. Үкіметтің басшылығымен саясатты басшылыққа ала отырып, өнеркәсіпке және нарыққа бағытталған шараларды қабылдады және бидай, жүгері және басқа да сабақтарды ауылшаруашылық қалдықтарынан ауылшаруашылық ресурстарына айналдыру үшін сабанды кәдеге жарату арналарын белсенді түрде ашып, сабан жинау және сақтау кәсіпорындарымен терең ынтымақтастықта болды. Осылайша ауыл шаруашылығының тиімділігі мен фермерлердің табысына ықпал етті.
people.cn © People's Daily Online