- Барлық ақпарат
«Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан Оскарға ұсынылды
«Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан Оскарға ұсынылды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне International Feature Film номинациясы бойынша Қазақстан атынан ұсынылып отыр.
Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді.
9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді.
Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.
Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анжелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады.
people.cn © People's Daily Online