Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау рәсіміне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 қыркүйек

БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан делегациясы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты (ЯҚТШ) ратификациялау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстан ЯҚТШ-ға қатысушы мемлекеттердің Үшінші кездесуінің болашақ төрағасы ретінде жаһандық ядролық қарусыздану ісіне деген тұрақты ұстанымын көрсетіп отыр.

Салтанатты рәсім барысында Индонезия, Сьерра-Леоне және Соломон Аралдарының сыртқы істер министрлері өз елдерінің Шарттың мақсаттары мен принциптеріне бейілділігін растай отырып, өздерінің ратификациялық грамоталарын тапсырды.

Осылайша, ЯҚТШ-ға қол қойған елдердің жалпы саны 94-ке, ал оны ратификациялаған елдер саны 73-ке дейін жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото