- Барлық ақпарат
Қытайдың балық шамдары мәдениеті әлемге танымал бола бастады (4)
![]() |
9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Хуаншань қаласы, Шэсиань ауданы, Ванманьтянь елді мекенінде жыл сайын балық шамдары дәстүрі бар, оның шамамен 600 жылдан астам тарихы бар. Жыл сайын дәстүрлі күнтізбе бойынша бірінші айдың 13-нен 16-на дейін ауыл тұрғындары балық пішініндегі шам жасап, жағалауда ойын-сауық ұйымдастырады. 100 жылдан астам уақыт бойы ауылда балық шамдарын жасау және балық шамдарымен ойнау шеберлігі ешқашан үзілмеген, осы бірегей балық шамдары мәдениеті қазір танымал болып келеді.
Ванманьтиань елді-мекенінің балық шамдарының мұрагері Ван Чуньяннің бала кезінен балық шамдарын жасау дағдыларына қызығушылығы болған. Ол балық шамы ғұрпының мұрагері ғана емес, сонымен қатар осы дағдының үздіксіз дамуы мен жаңашылдығын да алға ілгерілетіп келеді. Бүгінде ол 20-дан астам шәкірт қабылдады. Сондай-ақ балық шамдары мұражайын құрды, балық шамдары мәдениеті бойынша зерттеулер жүргізді және балық шамдарын жасау дағдыларына мұрагерлік етіп келеді.
Оған қоса, ол балық шамын әлемге танытты. Биыл сәуір айында ол Аньхой мәдени туризмді насихаттау тобының мүшесі болып, Санкт-Петербургке балық шамдары мәдениетін насихаттауға барды.
people.cn © People's Daily Online