Үкімет тайфун апаттарынан кейін төтенше жағдайды қалпына келтіруді қолдау үшін 200 млн юань бөлді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қыркүйек
Үкімет тайфун апаттарынан кейін төтенше жағдайды қалпына келтіруді қолдау үшін 200 млн юань бөлді

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің бүгін Ұлттық даму және реформалар комитетінен алған мәліметіне сәйкес, 7 қыркүйекте Ұлттық даму және реформалар комитеті Хайнань мен Гуандундағы тайфун апаттарынан кейін төтенше жағдайды қалпына келтіруді қолдау үшін орталық бюджеттен шұғыл түрде 200 миллион юань инвестиция салды. Ол ең алдымен апатқа ұшыраған жерлердің бүлінген жолдары мен көпірлері, су тоспалары, мектептер мен ауруханалар сияқты инфрақұрылымдар мен мемлекеттік қызмет көрсету және басқа да нысандарды шұғыл қалпына келтіруге жұмсалады.

Биыл № 11 «Яги» супер тайфун дауылынан ауыр апаттар болды, көптеген пайдаланушының электр қуаты мен байланысы үзіліп, кейбір үйлер құлады. 7 қыркүйек күні сағат 12:00-дегі жағдай бойынша апат салдарынан Хайнань, Гуандун және Гуанси өлкелері мен аймақтарында 1,227 миллион адам зардап шегіп, көптеген адам жараланып, қаза болғандар да болған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото