Цяньси, Гуйчжоу: Мол өнім мен көркем ауыл (8)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 қыркүйек
Цяньси, Гуйчжоу: Мол өнім мен көркем ауыл

6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Гуйчжоу өлкесінің Цяньси қаласы, Юйдо қалашығының жоғары стандартты ауылшаруашылық алқаптарындағы күріш пен ирек жолдар тамаша жарасым тауып, мол өнімнің көркем келбетін бейнеледі.

Соңғы жылдары Гуйчжоу өлкесінің Цяньси қаласындағы Юйдо қалашығында жоғары стандартты ауылшаруашылық алқаптарында «Астық үшін жерді баптау және технологияны жетілдіру» стратегиясын белсенді түрде жүзеге асыру маңызды шара ретінде қабылданды. Соның нәтижесінде жерді айналымға салу, шағын егістіктерді ірі егістіктерге айналдыру арқылы ауылшаруашылық ортасының экологиясы жақсартылды. Жоғары стандартты ауылшаруашылық аймақтарының құрылысы қарқынды түрде алға жылжыды. Сондай-ақ бұл шара ауыл шаруашылығын трансформациялауға және жаңартуға ықпал етті, азық-түлік түрлерін өндірді. Ауыл шаруашылығының тиімділігі мен фермерлердің табысын арттырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото