Полиция Шыңжаңның малшылық аумақтарының күзгі көшіне көмектесті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 қыркүйек
Полиция Шыңжаңның малшылық аумақтарының күзгі көшіне көмектесті

2 қыркүйек онлайн «Халық Газеті» -- Жақында күн суыта бастайды. Осыған байланысты Шыңжаңдағы мал шаруашылық өңірлері күзеуге қарай көшуді бастады. Алтай аймағы мен Тяньшань тауының етегіндегі Моридің малшылары малдарын күзгі отарға қарай айдап шықты. Жол бойында ойлы-қырлы тау жолы кездесіп, тіпті су тасқыны сияқты табиғи апаттар болуы мүмкін. Сондықтан жергілікті полиция мен ауыл қызметкерлері малшылар мен малды күзгі жайылымдарға қауіпсіз және кедергісіз жеткізу үшін «Көшпелі малшыларға қызмет көрсету тобын» құрды. Олар азық-түлік, күнделікті дәрі-дәрмектерді және басқа да материалдарды ала жүріп, көлік құралдарын басқару, дронмен жол жағдайын тексеру, мал айдауға көмектесу, көш жүгін тасымалдау сияқты қызметтерді атқарады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото