Елімізде гуманоидты роботтардың болашақ индустриясы өсіп келеді (2)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 тамыз
Елімізде гуманоидты роботтардың болашақ индустриясы өсіп келеді

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 17 тамызда Цзянсудың Сучжоу қаласында Қытайдың 26-шы Робототехника және жасанды интеллект бойынша гуманоидты роботтың инновациялық байқауы ашылды. Ел бойынша 30-дан астам ЖОО командалары бақ сынайды.

Мемлекет пен Жергілікті гуманоидты роботтардың инновациялық орталығына жауапты техникалық қызметкер Лю Юйфэй гуманоидты роботтардың өнеркәсіптік роботтардан айырмашылығы бар екенін айтты. Олар толығымен адам деректерін немесе адам үлгілерін технологиялық негіз етеді, әсіресе өнеркәсіп, қызмет көрсету және денсаулық сақтау салаларында кеңінен қолданылады.

Тұрмыстық қолдану сценарийлерінен басқа, гуманоидты роботтарды өнеркәсіптік өндірісте, тіпті қауіпті құтқару және эвакуациялау сценарийлерінде де қолдануға болады.

Гуманоидты роботтар индустриясының дамуы еліміздің көптеген аймағында жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылға қарай еліміз бастапқыда ауқымды өндіріске қабілетті гуманоидты роботтық инновациялық жүйені құрады деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото