Уху тағамдарынан дәм татыңыз (11)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 тамыз
Уху тағамдарынан дәм татыңыз

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Уху қаласы Қытайдың шығысындағы Аньхой өлкесінде, Янцзы өзенінің орта және төменгі ағысында орналасқан. Янцзы өзенінің жағасындағы бұл көркем қала бай тарихы, мәйекті мәдениеті мен табиғи пейзажымен ғана емес, сонымен қатар өзінің ерекше тағам мәдениетімен де сансыз тағам әуесқойларын баурап келеді.

Ухуда таңғы ас - күннің ең маңызды тамағы. Олардың ішіндегі аса танымалдары-кішкене қасқан манты және тофу көжесі.

Таңғы астан басқа, Ухудың жеңіл ас мәзірлерін де қағыс қалдыруға болмайды. Олардың ішінде ең көп сұралатыны -қуырылған кеспе, қақталған үйрек және сасық алабұға балығы.

Бұл ара Аньхой тағамдары мекенінің бірі ретінде танымал. Сондықтан Ухудағы Аньхой тағамдары да өзіндік ерекшелікке ие. Мысалы, түкті тофу, хуйчжоу сасық тофуы, Хуаншань құймақтары және т.б. Бұл тағамдардың бірегей дайындау әдісі мен өзгеше тіл үйіретін дәмі бар. Оларды жесеңіз таңдайыңыздан кетпейді.

Түн шымылдығын жапқанда Ухудың түнгі базары тіпті де думанға бөлене түседі.

Уху халқы дәмді тамақтарды жақсы көреді және оның түрлерінен жаңа тағамдар әзірлеуге шебер. Сонымен қатар, Ухудың тамақтану мәдениеті төңірегіндегі өңірлердің ықпалымен тағамдардың құрамын түрлендіріп, бірегей Уху тағам дәстүрін қалыптастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото