- Барлық ақпарат
Шай жолындағы тарихи қала – Хух-Хото (8)
30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Солтүстігі Дациншань тауымен, оңтүстігі атақты Сары өзенмен шектесетін Ішкі Моңғол автономиялық регионындағы Хух-Хото қаласының 2400 жылдан астам тарихы бар.
Хух-Хото ежелден бері маңызды тоғыз жолдың торабында орналасқан. Мин және Цин әулеттері кезінде бұл маңызды әскери және сауда қаласы, сонымен бірге шай жолының түйінді қаласы болған. Мұнда жайлау, егіншілік және Сары өзен мәдениеті тоғысып, бір-бірінің артықшылықтарын қабылдап, үйлесімді және инклюзивті солтүстік мәдениетін қалыптастырды.
Жазда Хух-Хотода қатты ыстық болмайды, ал қала аумағын көгалмен қамту деңгейі 43,21%. Бұл жаздағы таптырмас демалыс орны. Оның жақсы экологиясы мен әдемі ортасы қытайлық және шетелдік туристерді өзіне баурайды.
Қалада Дачжао храмы, Ута храмы және Генерал кеңсесі сияқты көрікті жерлер бар.
Бұл қаладан небәрі 20 шақырым жерде Чилэчуань жайылымы орналасқан. Сондықтан оны «Қаладағы жайлау» деп атайды.
Соңғы жылдары жергілікті түнгі билер мен көкке шығу сапарлары жастарды көбірек қызықтыра бастады.
Хух-Хотоның жазғы түндері ерекше. Куаньсянцзы тағамдары, Шаомай(мәнті тәрізді тағам), сүт қатылған шай, қой еті және әртүрлі жергілікті сүт тағамдары тағам әуесқойларын қызықтырды. Ал байырғы Сайшан көшелері әйгілі Хух-Хото қаласының таңғажайып келбетін көрсетіп тұрғандай.
Әдемі қалаға қош келдіңіз!
people.cn © People's Daily Online