Оңтүстік аумақтың әскери-әуе күштері су тасқынынан құтқару миссияларын орындау үшін Юэянға барды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 шілде
Оңтүстік аумақтың әскери-әуе күштері су тасқынынан құтқару миссияларын орындау үшін Юэянға барды

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жоғары басшылықтың бұйрығына сәйкес, 7 шілде кешке Оңтүстік аумақтың әскери-әуе күштерінің 700-ден астам офицері мен сарбазы 46 көлікпен Хунань өлкесінің Юэян қаласына су тасқынынан құтқару миссияларын орындау үшін барды.

5 шілдеде сағат 16:00-да Хунань өлкесі, Юэян Қаласы, Хуажун ауданы, Дунтин көлінің бірінші қатардағы жағалауында (№19+800 қада) құбырлардың көтерілуінің қауіпті жағдайы болды. Сағат 17:48-де тасқын су жасалған бөгетті жарды. Жақын маңдағы 6 ауылдан және 1 елді мекеннен 5000 адам қауіпсіз көшірілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото