«Чанъэ-6» оралу аспабы аман-есен жерге қонды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 маусым
«Чанъэ-6» оралу аспабы аман-есен жерге қонды

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25 маусым күні «Чанъэ-6» оралу аспабы Ішкі Моңғұлдың Сыцзыванындағы жоспарланған аймаққа дәл қонып, қалыпты жұмысын жалғастырды. Бұл «Чанъэ-6» айды зерттеу жобасының міндеттерді толық әрі сәтті орындап, әлемдегі айдың арғы бетінен үлгі алып қайтуды алғаш іске асырғанын білдіреді.

«Чанъэ-6» зерттеу аспабы 3 мамырда Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылып, жер-ай орбитасына шыққан болатын. «Чанъэ-6» зымыранының ұшырылуынан бастап, айдың арғы бетінен үлгі алып, жерге қайта оралуына жалпы 53 күн кетті. Барып-келуі 760 000 шақырымды құрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото