- Барлық ақпарат
Қағыр даладағы фотоэлектрлік электр станциясы Қытайдың жасыл дамуын ілгерілетті
25 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- CLP қармағында Тяньшань тауының солтүстік етегіндегі 800 метрден астам биіктікте орналасқан Фукаң фотоэлектрлік электр станциясы бар. Шыққан күнге қасқая қарап, қағыр далада 1,2 миллион 2,8 метр×1,3 метрлік фотоэлектрлік тақталары қатар-қатар болып, керемет «көгілдір мұхитқа» айналған.
Жарық энергиясынан шығарылатын электр энергиясы осы жерден шығып, Шыңжаңның іші-сыртындағы зауыттарға, кәсіпорындарға және миллиондаған отбасыға жеткізіледі.
CLP Construction New Energy Group Шыңжаң бөлімшесінің бас менеджері Пэн Вэньчунь бұл жобаның жылдық электр энергиясын шығаруы 1225,51 миллион киловатт-сағатты құрайтынын, бұл бір жыл ішінде 1,32 миллион адамның электр энергиясына деген қажеттілігін қанағаттандыра алатынын айтты. Жоба орналасқан Фукаң қаласындағы 180 000 тұрғынын алып айтар болсақ, бұл электр көздері Фукаң қаласы тұрғындарының 7 жылдық электр энергиясын тұтынуын шеше алады.
Қазіргі уақытта Қытайда жаңа энергетика саласы қарқынды дамып келеді. 2023 жылы жаңартылатын энергия көздерінің әлемдегі жаңа белгіленген қуаты 510 миллион киловатт болды, оның жартысынан көбін Қытай қамдап отыр.
people.cn © People's Daily Online