Голо, Цинхай: Цинхай-Сицзан үстіртіндегі «ат үсті соты»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 маусым
Голо, Цинхай: Цинхай-Сицзан үстіртіндегі «ат үсті соты»

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 3 маусымда Цинхай өлкесінің Голо Тибет автономиялық облысындағы Мадо ауданы Хуашисия қалашығында Мадо ауданы Халық сотының «Ат үсті соты» судьясы малшылардың үйінде сотқа дейінгі жарастыруды аяқтады. Мадо ауданы Хуанхэ өзенінің бастауында орналасқан және Хуанхэ өзені ағып өтетін алғашқы орын болып табылады. Орташа биіктігі 4500 метрден асатын Мадо - Цинхай өлкесіндегі ең биік таулы жер және адам өмір сүруінің ең қолайсыз аудандарының бірі. Мұнда адамдар сирек қоныстанған және тасымалдау да ыңғайсыз. Сондықтан судьяларға тергеу жүргізу мен айғақтар жинау қиынға соғады. Қызмет көрсету, фермерлер мен малшылардың қатысуы одан да күрделі. 1957 жылы Мадо ауданының Халық сотымен бірге «Ат үсті соты» да құрылған. Аудандық соттың судьялары үнемі атқа мініп, ас-суларын ала жүреді. Тиісті тараптардың ісін тауып, сол жерде қарайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото