- Барлық ақпарат
Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады (13)
ҚР Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады. Бұл туралы Sputnik хабарлады.
«Эйр Астана» әуе компаниясының «Лондон – Алматы» бағыты бойынша ұшқан КС-664 рейсі таңғы 8:50-де әуежайға келіп қонды. «Эйрбас-А321» ұшағында 94 жолаушы болды.
Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы 53 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 таспалы жүйе қарастырылған.
Ақпаратқа сәйкес, жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті. Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді келешекте әуежайда қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы әлемнің 10 еліне 15 халықаралық бағыт ашылады деп күтілуде.
people.cn © People's Daily Online