- Барлық ақпарат
Хэйлунцзян: егіс атызында ақылды техниканың картасы барған сайын ұлғайып дамып келеді (2)
11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Хэйлунцзянның мыңдаған шақырым құнарлы алқабында жаңа ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарының барлық түрі қауырт жұмыс істеп тұр. Жақсы өнім алудан үміті зор күріш алқаптарында өзгеше өмір лебі сезіледі. Егіс атызында ақылды техниканың картасы барған сайын ұлғайып дамып келеді.
Биыл күріш отырғызу өндірісінде Хэйлунцзян өлкесі ауылшаруашылық өндірісінің бірқатар озық технологиясын кеңінен қолданды. Мысалы, Бейду навигациясы арқылы күріш отырғызу, отырғызу алдында балаусаларды жеткізу, атыздағы рельс арқылы балауса тасымалдау, дрон арқылы балауса тасымалдау, тыңайтқышты терең қабатқа дәл жеткізу және т.б. технологиялық әдістемелердің көмегімен адам күшін үнемдеу, жұмыс тиімділігін арттыру және күріш отырғызудың өнімділігін арттыруды қамтамасыз етті.
people.cn © People's Daily Online