ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды (17)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 мамыр
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Жеңіс күніне орай, 8 мамырда ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды akorda.kz. Содан кейін Президенттік оркестр ҚР әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото