- Барлық ақпарат
Қазақстанның Орал қаласының көшелері суға тола бастады (4)
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 наурыз
![]() |
Орал қаласында су тасқынына байланысты жедел желі іске қосылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда қардың қарқынды еруіне байланысты су сору жұмыстарына 60 арнайы техника, 30 мотопомпа тартылған. Коммуналдық мекеменің 200 жұмысшысы жұмылдырылған. Осы кезге дейін қала бойынша 22 466 текше метр су сорылып, 600 мыңнан астам текше метр қар шығарылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Қала көшелерінің суға тола бастағаны жөнінде әлеуметтік желіде тұрғындар да хабарлап, көмек сұрап жатыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online