- Барлық ақпарат
Қазақстанның Мемлекет басшысы Өскемендегі «Лу Бань шеберханасының» жұмысымен танысты (6)
![]() |
Қасым-Жомарт Тоқаев Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне барып, жоғары оқу орнының қызметімен танысты және оның базасында құрылған «Лу Бань шеберханасы» оқу орталығын аралап көрді.
Қ.Тоқаевке білім ошағының ғылыми-инновациялық экожүйесі туралы мәлімет берілді. Ректор Сәуле Рахметуллинаның айтуынша, былтыр университет базасында Smart engineering құзыреттер орталығы ашылған. Орталық машина жасау, тау-кен және металлургия кешені салаларындағы импортты алмастырушы технологияларды дамытуды көздейді.
Қазақстанда «Лу Бань шеберханаларын» ашу бастамасын былтыр мамыр айында Сианьда өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.
Университет мақсаттарының бірі – осы «Лу Бань шеберханасы» базасында Қазақстандық автомобиль құрастыру өнеркәсібі үшін жоғары білікті техникалық және инженерлік кадрларды даярлау.
Орталықты аралап көрген ҚР Президенті студенттермен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі. Сондай-ақ экономиканы дамыту үшін Қазақстан «Лу Бань шеберханасы» сияқты орталықтардың санын көбейту маңызды екенін атап өтті.
people.cn © People's Daily Online