Сямэнь қаласының Юньдан көлінде құстардың түрі молайып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қаңтар

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сямэнь тұрғындары Юньдан көлінің жағасындағы саябақта бір ерекше әдемі құсты байқады. Оның бұтақта қонақтап жан-жағына еркелей қарағаны немесе қанатын жайып су бетінде қалқығаны, оның күн сәулесіне шағылысқан ашық көк қауырсындары көзге аса әдемі көрінеді. Анықтай келе бұл құстың аты «Ақтөс көкқанат» екені белгілі болды. Ұлттық екінші деңгейдегі қорғалатын жануар түріне жатады.

Сямэнь құстарды бақылау қауымдастығының вице-президенті Чэнь Хао «ақтөс көкқанаттың» негізінен балықтармен, шаяндармен, моллюскалармен және су жәндіктерімен қоректенетінін айтты. Бұл Сямэньдағы жергілікті құс саналады. Аралдың іші-сыртындағы көптеген саябақтар мен сулы-батпақты жерлерде кең таралған.

Юньдан көлі - Сямэньдағы жалғыз жасанды ішкі көл. Соңғы жылдары Юньдан көлінің экологиялық жағдайының үнемі жақсаруы құстарды мол азық-түлік ресурстарымен және жайлы мекендеу ортасымен қамтамасыз етті. Бұл құстардың көп түрлерін Сямыньда «қоныстануға» тартты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото