- Барлық ақпарат
Астанада жауған қар айлық нормадан асып кетті (4)
![]() |
Бір тәулікке созылған аяздан кейін Астанада қарлы боран қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазгидромет мәліметінше, Астанада қар мөлшері айлық нормадан асып кетті.
«Астанада 10 қаңтарда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), боран болады. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -1-3 аяз», - делінген хабарламада.
Жауын-шашынның мол болуына байланысты қарды тазарту жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3444 жүк рейсіне тең. Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 654 224 текше метр қар шығарылды, бұл 121 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.
people.cn © People's Daily Online