- Барлық ақпарат
Теріге ойылған Шыңжаңның хикаясы
8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжінің бір бұрышындағы теріні ою студиясында тері ою шебері Мэн Лулу шалғышын тартып, бір қолына былғары балғасын, екінші қолына пышағын ұстап, иленген былғарының бір бөлігін жұмсартып жатыр.
2012 жылы Мэн Лулу жарнамалық компаниядағы жұмысынан босап, Ішкі Моңғұлдан келген тері ою шебері Ли Сициньнен білім ала бастайды.
Мэн Лулу сиыр терісінің дәстүрлі оюларымен ер-тоқым, су бөтелкелері, шарап дорбалары және т. б. көшпелі халықтың тұрмысында жиі қолданылатын бұйымдарды жасай бастайды. Осы мақсатта ол көбінесе Шыңжаңның малшылық аймақтарына барып, халық оюшыларын тауып, Шыңжаңның ою шеберлігінің ерекшеліктерін зерттейді.
Мэн Лулу сонымен қатар әр жердегі мұражайларға жиі барып, тері оюына қатысты тәжірибелерді іздестіріп жүреді. Тиісті сарапшылармен кеңескеннен кейін, ол кейбір қазылған мәдени жәдігерлердің қалталарын, қабырға суреттерінің кейіпкерлері таққан лотос сумкалары сияқты бұйымдарды тері оюымен ойып әзірлейді. Сонымен бірге Шыңжаң элементтеріне бай жүздеген мәдени шығармашылықты көрсететін тері ою бұйымдарын жасады. Костюмдер мен сәндік суреттерден бастап, зергерлік бұйымдар мен стендтерге дейінгі бұл теріден ойылған мәдени жасампаз бұйымдар дәстүрлі қолөнер мен заманауи жасампаздықты үндестірді. Сөйтіп Мэн Лулу материалдық емес мәдени мұраға дәуірлік сипат бере алды.
Шебердің қолынан шыққан бұйымдар Бейжіңде, Шанхайда және басқа да жерлердегі өнер көрмелерінде жиі көрсетіліп, бірқатар ұлттық марапаттарға да ие болды.
Бүгінгі күні Мэн Лулу 400 шәкірт тәрбиеледі. Оның 100-ден астамы арнайы толық күн тобының шәкірттері. Мэн Лулу материалдық емес мәдени мұраны жоғалтпай, жалғастыру керектігін айтады. Шебер Шыңжаңның дәстүрлі белгі-бедеріне бай тері ою бұйымдары арқылы осы өлкенің сұлулығы мен ерекше келбетін көрсетсем деп армандайды.
people.cn © People's Daily Online