Шыңжаңдағы ауылдық кестеші халықаралық марапатқа ие болды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 желтоқсан
Шыңжаңдағы ауылдық кестеші халықаралық марапатқа ие болды

7 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың наурыз айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының 53 жастағы есту мүмкіндігі шектеулі кесте тігуші Бу Юнсю Франциядағы осы санаттағы жандарға арналған 10-ыншы халықаралық кәсіби шеберлік байқауына қатысып, «Кесте» номинациясы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Бу Юнсюдың үстелінде оның байқауға қатысқан туындысы тұр. «Конкурста кесте тігу әдістері мен түстерге қатысты қатаң стандарттар бар. Жұмыстарды көрсетілген 20 әдіс бойынша инемен кестелеу керек. Шығармашылық кеңістігі де қатаң бақыланады». Ол осы сайыста ерекше шеберлік көрсетті. Бу Юнсю байқаудың белгіленген шарттарынан басқа, қазақ кестесі, сібе кестесі және Сучжоу кестесі сияқты 6 түрлі кесте тігу әдісін қолданғанын айтты.

Бу Юнсюдің күйеуі Чен Тинлу оның жетістіктерін мақтан тұтады. Чен Тинлу мен Бу Юнсю орта мектепте сыныптас болған. Оқып жүргенде-ақ Бу Юнсю кесте тігуді ерекше ұнататын. Үйленгеннен кейін көп ұзамай сырқаттану салдарынан Бу Юнсюдің сол құлағы естімей қалды. Алайда оның кесте тігуге деген құштарлығы бәсеңдеген емес.

Чен Тинлу отбасын құрғаннан кейін оның барлық киімдерін Бу Юнсю тігіп беретінін айтты. Ол сондай-ақ қалашықтағы кесте шеберінен сібе кестесін үйренеді.

2009 жылы Бу Юнсю Алтынбқлақ қалашығында ұйымдастырылған кесте тігу курсына қатысып, алғаш рет кесте тігу техникасын жүйелі түрде үйрене бастайды. 2010 жылы Шапшал Сібе автономиялық ауданы Цзянсу өлкесінің Сучжоу қаласынан кесте тігу мұғалімдерін арнайы шақырады. Сучжоу кестесін тігу шеберлерінің керемет дағдыларын көргеннен кейін, Бу Юнсюға кесте тігу технологиясын үйрену үшін Сучжоуға бару идеясы келеді.

Қаржылық қиындықтар мен кішкентай балаларға күтім жасау жауапкершілігіне қарамастан, Чен Тинлу әйелінің кесте тігуге деген құштарлығын толық қолдайды.

Көптеген жылдар бойғы ізденіс арқылы Бу Юнсюдің кесте тігу дағдысы айтарлықтай жоғарылап, аймақтық және ұлттық кәсіби шеберлік байқауларында бірнеше рет жеңімпаз атанады.

2018 жылы Бу Юнсю Шыңжаң өнер шебері болып бағаланды. 2020 жылы Іле облыстық материалдық емес мәдени мұра саласы бойынша ол сібе кестесінің өкілі ретінде танылды.

Сұхбат барысында Бу Юнсю құлағын нұсқап: «үкімет тегін тарататын есту аппараты тілдесуге қолайлы болды»,- деді ағынан ақтарылып. Ол көптеген қолдауға ие болып, өзіне ұнайтын жұмыспен алаңсыз айналысқанын айтады. «Ел ішіндегі және халықаралық байқауларға қатысу немесе Bu Yunxiu студиясын құру болсын, мені барлық деңгейдегі мүгедектер федерациялары қаржыландырып отырады. Бұған алғысым шексіз»,-деді.

2020 жылы Іле облыстық материалдық емес мәдени мұра саласы сібе кестесінің өкілі болып бағаланғаннан бері, Бу Юнсю мектепке және жеке курстарға көбірек уақыт жұмсай бастады. Оқушыларға және ауыл тұрғындарына кесте тігу дағдыларын үйретті. Сонымен қатар ол шәкірттерінің туындыларының сатылымына көмектесті. «Кесте тігу жұмыстарының кең нарығы орнықты. Шәкірттерге де жеңілдіктер көп. Кесте тігу өнерінің танымал болып, онымен айналысатындардың көбейгеніне аса ризамын», - деді Бу Юнсю.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото