Қытай поштасы «Дүниежүзілік мәдени мұра - ежелгі Пиняо қаласы» арнайы маркасын шығарды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 желтоқсан
Қытай поштасы «Дүниежүзілік мәдени мұра - ежелгі Пиняо қаласы» арнайы маркасын шығарды

5 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 3 желтоқсанында Қытай поштасы «Дүниежүзілік мәдени мұра - ежелгі Пиняо қаласына» арналған 3 арнайы марка мен 1 кәдесый парағын шығарды. Маркалардың толық жиынтығының номиналды құны 3,60 юань, ал кәдесый парағының бағасы 5,40 юань.

Ежелгі Пиняо қаласы Шаньси өлкесінің орталығында орналасқан. Ол Батыс Чжоу Сюань патшасы кезінде салынған көне қала. Пиняо - Қытайдағы ең жақсы сақталған төрт ежелгі қаланың бірі. Оның екі мың жылдан аса тарихы бар. Пиняо қаласы өзінің ерекше архитектуралық стилімен, ғасырлардан жеткен тарихымен, мәдениетімен және бай туристік ресурстарымен әлемге танымал.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото