Үстірттегі шопан әні (7)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 қараша
Үстірттегі шопан әні

14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сицзан автономиялық регионы Дансюн ауданы орташа биіктігі шамамен 4200 метр болатын тау етегінде орналасқан. Бұл жер кең байтақ жазық болғандықтан жазда суы мол, шөбі шүйгін келеді.

Биыл 33 жасқа толған Юньдань осы ауданға қарасты ауылдың тумасы. Оның 100-ден астам қодасы 200 тұяқтан астам қойы бар.

Шопандар маусым сайын көшіп қонып, судың тұнығын, шөптің шүйгінін қуып тіршілік етеді. Әр жылы қыркүйекте Юньдань басқа малшылармен бірге Намконың оңтүстік жағалауынан солтүстіктегі жылы ықтасындағы қыстаулығына қоныс аударады. Содан кейін келесі наурызда Намко көлінің жағасындағы жайлауына оралады.

Юньданьның қыстаудағы баспанасы бұрынғы қодас жүнінен жасалған күркешеден малшыларды отырақтандырған тастан қаланған үйлерге өзгерді. Электр желісі мен құдықтар да малшылар тұрмысын ыңғайлы ете түсті. Қазіргі уақытта Юньдань отбасының жылдық табысы 110 000 юаньнан асады деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото