- Барлық ақпарат
Шетелдік келін Фэнхуан ежелгі қала мен Мяо ұлттық киімнің насихаттаушысы болды (9)
13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 27 жастағы Татьяна Рудемның туған жері Ресейдің Мурманск қаласы. Бес жыл бұрын ол Хунань өлкесінің Фэнхуан ежелгі қаласынан келген қазіргі күйеуі Ляо Вэньхуэймен танысады.
«Біз 2019 жылы досымыз арқылы таныстық. Фотосурет-ортақ хоббиымыз болды», - дейді Ляо Вэньхуэй сол кезде Мәскеуде оқығанын есіне алып. Әңгімелесу барысында ол Татьянаға үнемі Қытайдың тарихы мен әлеуметтік дамуы туралы, әсіресе ежелгі Фэнхуан қаласының сұлулығы мен Мяо мәдениеті туралы айта жүріп, қызығушылығын оятқанын жеткізді.
2020 жылы олар Мәскеуден Ляо Вэньхуэйдің туған қаласы, Хунань өлкесіндегі ежелгі Фэнхуан қаласына оралып, сол жылы некеге тіркеледі. «Шетелдік келін» ежелгі Фэнхуан қаласына, жергілікті табиғатқа және этникалық азшылықтардың мәдениетіне қатты қызығады. Бос уақытында ол Мяо киімін киіп, ежелгі қаланы аралап, көне шаһардың бірқалыпты өмірін сезінеді.
2023 жылдың 10-11 қарашасы аралығында Хунань өлкесінің Фэнхуан қаласында Қытайдағы 9-ыншы Мяо күміс зергерлік бұйымдар мен костюмдер мәдениеті фестивалі өтті. Елдің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам Мяо тұрғындары ұлттық костюмдерімен көзге түсті. Мяо мәдениетіне аса ықылас танытатын Татьяна да осы мәдени мерекеге қатысу үшін Мяо киімімен көпшілік алдына шықты.
«Біз Фэнхуан ежелгі қаласының сұлулығы мен мәдениетін көптеген орыс достарымызға таныстырғымыз келеді»,-дейді Татьяна мен Ляо Веньхуэй. Олар фотосурет арқылы Қытай мен Ресей арасындағы мәдени алмасуды ілгерілетуге дәнекер болуды үміт етеді.
people.cn © People's Daily Online