Қытай Коммуникация университетінің «Гуанмин кинотеатры» «4-інші дүниежүзілк кедейлікті азайту істерін жинау шарасында» кедейлікті азайту бойынша үздік атқарылған жұмыс атағын жеңіп алды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қараша
Қытай Коммуникация университетінің «Гуанмин кинотеатры» «4-інші дүниежүзілк кедейлікті азайту істерін жинау шарасында» кедейлікті азайту бойынша үздік атқарылған жұмыс атағын жеңіп алды

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммуникация университеті(Communication University of China)ұйымдастырған «Гуанмин кинотеатры» фильмдерін кедергісіз шығару және тарату бойынша қоғамдық қайырымдылық жобасының атқарған жұмыстары «4-інші дүниежүзілк кедейлікті азайту істерін жинау шарасында» кедейлікті азайту бойынша ең үздік іс болып таңдалды. Ол дамушы елдер арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықтың кедейлікті азайту істері қорына енгізіледі.

Жоба тобы диалог пен фильмнің дыбысы арасында көрнекі баяндау енгізу арқылы кедергісіз «естуге болатын» фильм жасады. «Гуанмин кинотеатры» кедейлікпен күресу тақырыбында көрнекті фильмдерді таңдайды, бұл көру қабілеті нашар адамдарға Қытайдың кедейлікпен күресу тарихын сезінуге мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото