Шаньдун өлкесінің Циндао қаласында жойылып кету қаупі төнген «біз тұмсық Қытай шағаласы» көзге түсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 қараша
Шаньдун өлкесінің Циндао қаласында жойылып кету қаупі төнген «біз тұмсық Қытай шағаласы» көзге түсті

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 1 қаңтарда Шаньдун өлкесінің Циндао қаласы, Чэньян аумағы, Хондао көшесіндегі жағажайда шамамен 18 «біз тұмсық Қытай шағаласы» пайда болды. Бұл құс «IUCN-дің жойылып кету қаупі төнген түрлердің Қызыл тізіміне» енгізілген (CR). Оны сирек кездесетіндігі мен құпиясына байланысты «мифтік құс» деп те аталады.

Циндаода Қытай шағаласына көптеген бақылаулар болған. 2021 жылдың күзінде жергілікті балық аулау айлағында 37 Қытай шағаласы пайда болды, ал 2022 жылдың күзінде 82 Қытай шағаласы тағы көзге шалынды. Соңғы жылдары жергілікті өңір сулы алқапты экологиялық қалпына келтіру жобаларын ілгерілетуді жеделдетіп, жыл құстарының тіршілік ету ортасын кеңейтті. Натижесінде жыл құстарының саны, соның ішінде сирек кездесетіндер жылдан жылға артып келеді. Суретте біз тұмсық Қытай шағаласы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото