- Барлық ақпарат
«Жібек жолы» бірінші халықаралық коммуникациялық сыйлығының жеңімпаз өкілдері «Болашақты бір жүрекпен саламыз» атты іс-шараға қатысты
26 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қазанда «Жібек жолы» бірінші халықаралық коммуникациялық сыйлығының жеңімпаз өкілдері Теңіз Жібек жолының бастапқы нүктелерінің бірі Гуанчжоуда өткен «Болашақты бір жүрекпен саламыз» атты мәдени алмасу іс-шарасына қатысты. 8 елден келген «Жібек жолы» бірінші халықаралық коммуникациялық сыйлығының жеңімпаз өкілдері Гуанчжоу суретшілерімен бірлесіп сурет салды. Сөйтіп, «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығы табыстарына куә болып, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының ірі бастамасына ізгі тілектерін білдірді. Іс-шараға Қытайдың Халық газеті, Синьхуа ақпарат агенттігі, Орталық радио және теледидар басқармасы мен Гуандун өлкесінің бұқаралық ақпарат құралдары сияқты ірі жаңалықтар орталығының 25 тілшісі қатысты.
Мәліметтерге сәйкес, «Жібек жолы» халықаралық коммуникациялық сыйлығы - «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы Альянсы ұйымдастырған жаңалықтар марапатын іріктеу жөніндегі шара. Халық газеті Альянс төрағасы мекемесі ретінде оны ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Ол ұлттық медиа ұйымдарын бірлесіп құру мен жоғары сапалы «Бір белдеу, бір жол» құрылысын бірлесіп ілгерілетуге ынталандырады.
people.cn © People's Daily Online