Күздің көркі - мол өнім

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 қазан
Күздің көркі - мол өнім

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық метеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, қазіргі уақытта ұлттық күзгі егін жинау жұмыстарының жартысынан көбі аяқталды. Олардың ішінде бірінші кезекте күріш, жүгері және соя дақылдарының жиналуы 50% - дан асты. Ал күздік бидай мен рапс бірінен соң бірі егіле бастады.

Ұлттық агрометеорологиялық ақпарат осы аптада Қытайдың солтүстігіндегі Хуанхуайда ауа райының қолайлы болатынын жеткізді. Бұл күзгі егін жинау мен сабан жинауды тездетуге көмектеседі. Олардың ішінде Шыңжаң мен Шэньсидің көп бөлігінде, Қытайдың солтүстігінде, Хуанхуайда, Цзянхуайдың біршама жерінде және Цзянханада шуақты ауа райы сақталады. Әсіресе басында жаңбырлы болған Шэньсидің оңтүстік-орталық аудандарында, орталық және Батыс Хэнаньда, Хубейдің орталық және Батыс ауылшаруашылық аудандарында ылғалдылық жағдайы жақсарды. Бұл жүгерінің, сояның, жержаңғақтың және басқа да күзгі дақылдардың пісіп-жетілуіне және кептірілуіне, мақта жинау мен күзгі отырғызу жұмысының барысына оңтайлы ықпал етеді.

Елдің барлық аймақтары күн шуақты ауа райын тиімді пайдалануға асығып, күзгі егін жинау мен егу жұмыстарын жандандыра түсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото