- Барлық ақпарат
«Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы Қазақстанда «Қытай тіліне қызығушылықты» арттырды (6)
16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ұсынылғаннан кейінгі соңғы он жыл ішінде ол Қытай мен Қазақстанның экономикасы мен инфрақұрылымдық құрылысының дамуына ықпал етіп қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени алмасуларға әсер етіп, Қазақстанда «Қытай тіліне қызығушылықты» арттырды. Қытай тілін үйрену арқылы «Бір белдеу, бір жолдың» мүмкіндіктерін пайдалану Қазақстандағы көптеген жастың таңдауы болды.
Қазақстанда қытайша кітаптар мен Қытай тілін үйрену бойынша кітаптардың жариялануы мен таралымы жылдан жылға артып келеді. Қазақстанның бірнеше кітапханасында «Қытай терезесі», «Қытай әдебиетінің бұрышы» ашылды, ал Алматы қаласының бас көшесінде Орталық Азиядағы Қытай тақырыбына арналған алғашқы кітап дүкені жұмыс бастады.
Халқаралық Шанс баспа тобының Алматыдағы бөлімшесі «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясының бас редакторы Гүлнұр Қыранбайқызы онлайн «Халық Газетінің» тілшісіне берген сұхбатында: ««Бір белдеу, бір жолдың» он жылдығына байланысты мемлекетаралық жобалар, кездесулер өтіп жатыр. Ол Қазақстанда «Қытай тіліне қызығушылықты» арттырды. Әрине оның оң әсері болды. Қазақстанда қытай тіліне, Қытай әдебиетіне, Қытай мәдениетіне деген сұраныс артып келеді. Біздің дүкенімізге келушілердің саны да артты»-,деді.
people.cn © People's Daily Online