- Барлық ақпарат
Халықаралық азаматтық қоғам делегациясы Шанхайға келді
13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қазанда Қытайдың Бейбітшілік және Даму қоры шақырған халықаралық азаматтық қоғам өкілдерінің делегациясы Шанхайға келді. Делегация Губей қала тұрғындары орталығын, Қытай Коммунистік партиясы бірінші құрылтайының мемориалдық залын, халықтық қала құрылысы көрме залын және Дунфан Миньджу (Шығыс інжуі) сияқты көрнекті орындарды аралап, тарихи, мәдени атмосфераны және қазіргі әлеуметтік даму ахуалын тани түсті.
Шетелдік достар үшін Қытай Коммунистік партиясы бірінші құрылтайының мемориалдық залына бару-Қытай Коммунистік партиясының тарихын түсінудің ең тікелей және жанды тәсілі.
Жаһандану сараптамалық орталығының зерттеушісі Зун Ахмед ханым (Пәкістан) (Қытай және жаһандану орталығының (CCG) зерттеушісі) журналистерге Қытай Коммунистік партиясы бірінші құрылтайының орны Қытай Коммунистік партиясының ұшқан ұясы екенін айтты. Қытай Коммунистік партиясы бірінші құрылтайының мемориалдық залына бару шетелдіктерге Қытай революциясының керемет тарихына терең бойлауға және Қытай халқының күресі мен революциялық рухы туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді.
Зун Ахмед ханым: «Қытай революциясының көшбасшылары күрес арқылы қаншама құрбандыққа барды. Бұл рух ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бүгінгі қытайлықтар әлі де ұрпақтарының бақытты өмірі үшін күресуде»,-деді.
people.cn © People's Daily Online