Жайрандардың жылдық орташа саны 3400-ден асып, бастапқы қорғау кезеңінен 11 есеге көбейді (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 қазан
Жайрандардың жылдық орташа саны 3400-ден асып, бастапқы қорғау кезеңінен 11 есеге көбейді

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тілшінің Цинхай көлі көрініс аймағын қорғау және пайдалану жөніндегі әкімшіліктен алған ақпаратына сәйкес, жайрандардың саны үнемі өсіп келе жатқаны мәлім болды. Олардың 2022 жылғы бақыланған орташа жылдық саны 3400-ден жоғарылап, бастапқы қорғау кезеңінен шамамен 11 есеге көбейген.

Жайран - әлемдегі жойылып кету қаупі төнген түр және ұлттық деңгейде қорғалатын негізгі жабайы жануар. Қазіргі уақытта ол тек Цинхай көлінің айналасында таралған және Цинхай көліне ғана тән сирек кездесетін жоғары дәрежелі тұяқты аң. Цинхай көлінің экологиялық қорғанысының күшеюімен және ұлттық саябақтың құрылуына сәйкес, жабайы табиғатты құтқару жобалары іске аса бастады. Яғни хайуанаттарды бірлесіп құру және бірге басқару, қоршау биіктігін төмендету және құтқару пункттерін белгілеу сияқты бірқатар шаралардың арқасында жабайы аңдар тиімді қорғалады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото