- Барлық ақпарат
«Пуэр Цзинмай тауы ежелгі шай орманының мәдени ландшафты» мәдени мұра нысанына сәтті ұсынылды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 қыркүйек
18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қыркүйекте Қытайдың «Пуэр Цзинмай тауы ежелгі шай орманының мәдени ландшафты» жобасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен 45-інші дүниежүзілік мұра конференциясында талқыланып, «Дүниежүзілік мұра тізіміне» енгізілді. Осылайша ландшафт Қытайдың 57-нші Дүниежүзілік мұра нысаны болды.
«Пуэр Цзинмай тауы ежелгі шай орманының мәдени ландшафты» Юньнань өлкесінің Пуэр қаласында орналасқан. Онда 5 ірі және жақсы сақталған ежелгі шай ормандары мен олардың арасында таралған 9 ежелгі ауыл, сондай-ақ ежелгі шай ормандары арасындағы 3 бөлек қорғаныс орманы бар.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online