2023 жылғы «Қытай жазуына махаббат» атты халықаралық байқау мәресіне жетті (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 қыркүйек
2023 жылғы «Қытай жазуына махаббат» атты халықаралық байқау мәресіне жетті

15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы «Қытай жазуына махаббат» атты халықаралық хикая конференциясының финалы 2023 жылы 14 қыркүйекте Шаньси өлкесі Цзиньчэн қаласында сәтті аяқталды. Шараға Қытай Халықтық Шетелдермен достық қауымдастығының вице-президенті Ли Сикуй, Қытай Халықтық Шетелдермен достық қауымдастығы мәдени алмасу департаментінің директоры Чжу Дан, Халық Газеті Шаньси бөлімшесі филиалының басшысы Хэ Юн Тан Вэйхун, «Халық Газеті»(People's Daily Online)Бақылау кеңесінің төрағасы Тан Вэйхун және басқа да қонақтар қатысты.

Ли Сикуй өз сөзінде қытай жазуы қытай өркениетінің тарихы, қытай мәдениетінің тамыры және қытай мен әлемдік өркениет арасындағы көпір екенін айтты. «Адамзаттың дамуы тарихы - көптеген өркениеттердің қатар өмір сүру тарихы. Ақыл-парасатты жетілдіру және әртүрлі өркениеттерден нәр алу арқылы ғана адамзат өркениетінің жұлдызды аспаны жарқырайды, адамзаттың ортақ мекені бейбіт кезеңге жетіп, гүлдене түседі», - деді.

Тан Вэйхун өз сөзінде адамзаттың қуанышы мен қайғысы қатар жүретін тағдыры ортақ қауымдастық, ал Жер ортақ мекеніміз екенін айтты. «Конференцияның тақырыбы «Отан» болғандықтан, біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі достарымызбен әртүрлі өркениеттер арасындағы алмасу, өзара үйрену және өзара түсіністік тарихын бөлісуді асыға күтеміз».

Сарапшылар қытай тілінің бейнелеу қабілетіне, сахнадағы тартымдылыққа, сюжетті дамытудың негізгі құндылықтары мен өркениетті өзара танудың тиімділігі сияқты аспектілерге баға берді. Қызу пікірлесу мен жарыстардан кейін Нигериядан келген ойыншы Ojimmadu Raphael Ebube чемпиондықты жеңіп алып, ерекше марапатқа ие болды. Sejoud Isam Mahir Hassan (Судан) мен Lydia Nduta Njoroge (Кения) бірінші жүлдені жеңіп алды. Kaleem Sajid (Пәкістан), Moses Arthur Baidoo (Гана), Yasser Mahamad Senoussi+Ousama Mahamad Senoussi Ahmad (Чад егіздері) екінші жүлдені жеңіп алды. Siniakov Andrei (Ресей), Senyord Chanmaly (Лаос), Oyungerel Gegee (Моңғолия), Ratajczak Paulina Magdalena (Польша) үшінші дәрежелі сыйлықты еншіледі.

Жарыс осы жылдың маусым айында басталғаннан бері, әлемнің 70-тен астам елінен 3000-нан астам үміткер бақтарын сынады. Алдын ала турда және екі мәрте шиеленісті жартылай финалдан кейін 10 ойын тобы соңғы финалға шықты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото