2023 жылғы «Қытай жазуына махаббат» атты халқаралық байқау сәтті аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 қыркүйек
2023 жылғы «Қытай жазуына махаббат» атты халқаралық байқау сәтті аяқталды
Нигериядан келген ойыншы Ojimmadu Raphael Ebube

15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы «Қытай жазуына махаббат» халықаралық байқаудың финалы 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Шаньси өлкесінің Цзиньчэн қаласында шымылдығын жапты.

Байқауды Қытайдың шет елдермен достық қауымдастығы ұйымдастырып, онлайн «Халық Газеті»(People's Daily Online), Қытай Коммунистік партиясының Цзиньчэн қалалық партия комитеті, Цзиньчэн қалалық халық үкіметі және Shanxi Imperial Palace Group өткізді. Байқаудың тақырыбы - «Отан». Жарыс осы жылдың маусым айында басталғаннан бері әлемнің 70-тен астам елінен 3000-нан астам ойыншы жарысқа тіркелді. Алдын ала турда және екі реткі қиян-кескі қайта байқаудан кейін 10 ойыншы тобы ақтық кезеңге шықты.

Соңында Нигериядан келген ойыншы Ojimmadu Raphael Ebube чемпиондықты жеңіп алып, ерекше марапатқа ие болды. Sejoud Isam Mahir Hassan (Судан) мен Lydia Nduta Njoroge (Кения) бірінші жүлдені жеңіп алды. Kaleem Sajid (Пәкістан), Moses Arthur Baidoo (Гана), Yasser Mahamad Senoussi+Ousama Mahamad Senoussi Ahmad (Чад егіздері) екінші жүлдені жеңіп алды. Siniakov Andrei (Ресей), Senyord Chanmaly (Лаос), Oyungerel Gegee (Моңғолия), Ratajczak Paulina Magdalena (Польша) үшінші дәрежелі сыйлықты еншіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото