- Барлық ақпарат
Ханчжоудағы Азия ойындары ауылы 16 қыркүйекте ресми түрде қонақтарға есігін айқара ашады (8)
![]() |
12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қыркүйекте Ханчжоудағы Азия ойындары ауылында «БАҚ үшін ашық есік күні» өтті. Бұл Азия ойындары ауылының соңғы рет БАҚ өкілдеріне ашық есік күнін ұйымдастыруы.
«БАҚ үшін ашық есік күні» іс-шарасы спортшылар ауылы «Экология, интеллект және мәдениет» үш негізгі тақырып аясында, қалдықсыз тұрақжай кешені, техникалық жетекшілер ауылының мәдени кабинасы, media Village зияткерлік тәжірибе залы сияқты орындарды қамтыды.
Ханчжоудағы Азия ойындары ауылының жалпы ауданы 1,13 миллион шаршы метр. Спортшылар ауылынан, техникалық жетекшілер ауылынан және медиа ауылдан тұрады. Бұл Азия ойындарындағы ең үлкен жарыстан тыс орын, сондай-ақ ең ұзақ жұмыс істейтін, үздіксіздікке қойылатын талаптары ең жоғары және ең көп қызмет көрсететін орын.
Жоспарға сәйкес, Ханчжоудағы Азия ойындары ауылының ашылу салтанаты 16 қыркүйекте өтеді.
people.cn © People's Daily Online