Қазақстанда ««Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығына шолу және перспективалар» тақырыбында семинар өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қыркүйек
Қазақстанда ««Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығына шолу және перспективалар» тақырыбында семинар өтті

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- «Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығына орай Қазақстандағы Назарбаев Университетінде Синьхуа ақпараттық агенттігі, China Daily және Қазақстандағы Қытай зерттеу орталығы ұйымдастырған ««Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығына шолу және перспективалар» атты пікір алмасу семинары өтті.

Қытай-Қазақстан үкіметінің өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар, Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері, кәсіпкерлер, БАҚ және басқа да қатысушылар «Ерекше он жыл – «Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығына шолу» тақырыбында сөз сөйлеп, соңғы он жыл ішіндегі бастамалар мен қол жеткізілген жемісті нәтижелерді талқылады. Екіжақты қарым-қатынастардың келесі «алтын 30 жылын» асыға күткен Қытай мен Қазақстан «тағдыры ортақ адамзат қауымдастығының» жобасын құру үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото