Ханьин, Шэньси: Экологияның жақсаруымен ұлттық қорғалатын хайуанаттар алаңсыз өсуде (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қыркүйек
Ханьин, Шэньси: Экологияның жақсаруымен ұлттық қорғалатын хайуанаттар алаңсыз өсуде

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік бірінші деңгейде қорғалатын қызыл құтанды «шығыстың інжу-маржаны» деп атайды. Жақында Шэньси өлкесінің Ханьинь ауданы Юэхэ өзенінің жағасында 20-дан астам жабайы қызыл құтан өзен жағасынан азық аулап, ұшып-қонып, табиғаттың көркем көрінісін қалыптастырды.

Юэхэ өзені - Ханьцзян дариясының бір тармағы ретінде Ханьин ауданының басты өзені саналады. Бірегей географиялық климаты мен көрікті табиғатының арқасында бұл өлке қызыл құтан үшін азыққа бай, өсіп өнетін ортаға айналды. 2010 жылы қызыл құтан алғаш рет Ханьин ауданындағы Донхэ өзенінің жағасында байқалған. 2013 жылы Ханьинь ауданының Фенлу ауылындағы Цинни өзенінің жағасында қызыл құтандар сәтті өсіріле бастады.

Қызыл құтанды күту жұмыстарын оңтайландыру мақсатында, Ханьин ауданы қызыл құтандар үшін арнайы тіршілік ету ортасын құрды. Тиісті мамандар мен жергілікті тұрғындарды жұмылдырып, бақылау және күзету тобын толықтырды. Сондай-ақ күзетті күшейту үшін дронмен бақылау, бейнебақылау және басқа да технологиялар қолданылды. Сонымен қатар, Ханьин ауданының әкімшілігі фермерлерді пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолданбай, оның орнына органикалық тыңайтқыштарды пайдалануға шақыратын жарнама жұмыстарын күшейтті. Бұл қызыл құтанның көбеюі мен өмір сүруі үшін ыңғайлы экологиялық ахуал қалыптастырды. Аудандағы экологиялық жағдайдың тұрақталуының арқасында Ханьинде қызыл құтандардың саны 110-нан асты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото