- Барлық ақпарат
Венеция кинофестивалі: Люн Чу Вай өнердегі жетістіктері үшін «Алтын арыстан» сыйлығымен марапатталды (2)
4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сянганның кино жұлдызы Люн Чу Вай 80-інші Венеция кинофестивалінде өнердегі толымды жетістіктері үшін «Алтын арыстан» сыйлығымен марапатталды. Өнерпаз осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы азиялық актер.
Марапаттау рәсімінде Люн Чу Ваймен бірге жұмыс істеген әйгілі режиссер Ли Ань оған сыйлықты өз қолымен табыс етті. Марапат иегері ерекше толқып, көзіне жас алды.
61 жастағы Люн Чу Вай «Infernal Affairs» және «Махаббат күйі (In the Mood for Love)» сияқты бірқатар танымал фильмдерде ойнады. Ол қатысқан «Құмарлық немесе махаббат», «Қайғылы қала» және «Арбакеш» фильмдері Венеция кинофестивалінде ең үздік фильм ретінде «Алтын арыстан» сыйлығын жеңіп алған.
Сонымен қатар Люн Чу Вай «Сянган киносының үздік актері» және Тайванның «Алтын тұлпар» сияқты көптеген марапаттарға ие болған.
people.cn © People's Daily Online