- Барлық ақпарат
Цяньцзян, Чунцин: Таулы аймақтағы «Мал шаруашылығы мен күн энергиясының үйлесімі» ауылдық жерлерді жандандыруға ықпал етті (2)
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 тамыз
24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Чунцин қаласының Аньшань ауылы қосымша «Мал шаруашылығы мен күн энергиясының үйлесімі» негізінде мал шаруашылығын дамытумен бірге, ауылдың ұжымдық қорларын пайдалана отырып,5000 шаршы метрден астам ірі қараға арналған фотоэлектрлік қора салды.
Қораның төбесіндегі фотоэлектрлік панельдермен электр энергиясын өндіріп, қора ішінде етті сиырларды бордақылады. Бұл ауыл ұжымының электр энергиясын өндіруден түсетін кірісін жылына 200 000 юаньнан астамға жоғарылатып, мал шаруашылығының жылдық өнімін 4 миллион юаньнан асырды. Қол жеткізген нәтиже ауылдың ұжымдық экономикасын нығайтып қана қоймай, аймақты жандандыруға жаңа серпін берді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online