Гуанси «Шеберлік жарысымен» ғашықтар мерекесін қарсы алды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 тамыз
Гуанси «Шеберлік жарысымен» ғашықтар мерекесін қарсы алды

22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ай күнтізбесі бойынша жетінші айдың жетінші күні бақташы жігіт пен тоқымашы қыздың құс жолында қауышқан «Қытайдың ғашықтар мерекесі». Биыл «Ғашықтар мерекесі» 22 тамызға сәйкес келді. 21 тамыз күні Гуанси өлкесінің Наньнин қаласында жыл сайынғы «Шеберлік жарысы» мерекесінде материалдық емес мәдени мұра бойынша халықтық іс-шара өтті. Жергілікті тұрғындар тілек тілеу және «Шеберлік жарысы» (қолөнер жарысы) сияқты шаралармен мерекені қарсы алды.

Ерте кезден бері Қытайдың ғашықтар мерекесінде әйелдерге қатысты көптеген қызықты әдет-ғұрыптар бар. Ең көп таралған рәсімдердің бірі - «Шебер болуды тілеу». Ай күнтізбесінде жетінші айдың жетінші күніне қараған түні жас қыздар үстел үстін жемістермен толтырып, ай сәулесі астында көктегі тоқымашы қыздан өзіне шеберлікті, махаббат пен бақыт беруді тілейтін болған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото