- Барлық ақпарат
2023 жылғы (Қытай) Азия-Еуропа тауар жәрмеңкесіне 1300-ден астам компания қатысып жатыр (4)
18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 17 тамыз күні Шыңжаңның Үрімжі қаласында 2023 жылғы (Қытай) Азия-Еуропа тауар жәрменкесі ашылды. Биыл тауар жәрмеңкесіне барлығы 1300-ден астам қытайлық және шетелдік компания қатысып, көрме алаңы 70 000 шаршы метрді құрады. Көрмеге қатысушылардың саны мен көрме ауқымы алдыңғы тауар жәрмеңкелерінің ішінде ең ауқымды болды.
Бұл кезекті жәрмеңке 5 күнге созылады, сондай-ақ, ішкі және сыртқы сауда мен инвестицияларды ілгерілету және көрсету, салалық түйісу, сұраныс пен ұсыныстың түйісуі және т. б. сияқты 33 іс-шараны өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Жібек жолын өнеркәсіптік және коммерциялық дамыту семинары, Орталық Азия заң қызметтері форумы және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының талдау орталығын дамыту форумы сияқты бірқатар қосалқы іс-шара өткізіледі. Іс-шарамен бірге алғаш рет халықаралық тұтынушылар фестивалі ұйымдастырылады.
people.cn © People's Daily Online