- Барлық ақпарат
Жаз жайлаудағы тіршілік (6)
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 тамыз
16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сорбастау Шыңжаңдағы Орталық Тяньшань тауларының солтүстік етегінде орналасқан, теңіз деңгейінен орташа биіктігі 2000 метрден асады. Бұл Шыңжаңның Санжы қаласы Мяоергоу ауылындағы маңызды таудағы жайлау. Мұнда келе қалсаңыз, көзіңізге жайлаудағы тынысты тіршілік бірден түседі. Көсіліп жатқан жайлау, жасыл жайлауға жарасым тапқан киіз үйлер мен ағаш үйлер, жайылып жүрген табынды сиыр, қоралы қойлар ... көркіне көз тоймайды. Жақсы экологиялық орта жергілікті малшылардың өндірісі мен өміріне ықпал етеді. Осындай көркем көрініс туристерді осында келіп демалып, табиғат аясында тыныстап, дәстүрлі және заманауи малшылар тіршілігін сезінуге баурайды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online