Хэйлунцзяндағы Суйфэньхэ теміржол портындағы Қытай-Еуропа пойызының ашылуына бес жыл

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 тамыз
Хэйлунцзяндағы Суйфэньхэ теміржол портындағы Қытай-Еуропа пойызының ашылуына бес жыл

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 2 тамызында Қытай темір жолы Харбинь бөлімшесі тобы Суйфэньхэ теміржол портында Қытай-Еуропа пойызының бес жылдығын атап өтті.

2018 жылдың тамызында Қытай-Еуропа теміржол контейнерлік тасымалдау бизнесі ресми түрде ашылғаннан бергі бес жыл ішінде жалпы 2290 Қытай-Еуропа пойызы қатынап, 212 469 стандартты тауар жәшігі жөнелтілді. Сөйтіп теміржол тасымалы бастан-аяқ жоғары деңгейде жұмыс істеуді жалғастырды.

Қазіргі уақытта Суйфенхэ теміржол порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойыздары Еуропаның 5 еліне жете алса, ал кіретін пойыздар 25 ішкі қаланы қамтиды. Жүктерді тасымалдау бастапқы электротехникалық тауарлардан қазіргі тұрмыстық қажетті заттар, өндірістік жабдықтар, ауылшаруашылық тауарлары және онымен байланысты бұйымдар сияқты 14 негізгі санатқа дейін кеңейді. Әрі тасымалдаудың ықпалы мен көлемі де барған сайын ұлғайып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото